Алматыда ер адам автобус жолаушыларын пышақпен қорқытты
Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы полициясы автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Одан ер адамның автобустағы жолаушыларды пышақпен қорқытқанын, түскен соң көлік дөңгелегін теспек болғанын көруге болады.
Полицейлер видео жөнінде пікір білдірді.
"Бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ер адамның жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
"Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", – деді полицейлер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript