Павлодарда сүндетке отырғызылған бес жасар бала зардап шекті. Дәрігер отадан шеттетілді
Сурет: pixabay
23 тамызда Павлодар облыстық балалар емханасында бес жасар бала сүндетке отырғызылды. Алайда отадан кейін баланың жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы баланың анасы әлеуметтік желіде жазып, құзырлы органнан көмек сұрады, деп жазады Pavlodarnews.kz.
"Мен өзімнің 5 жастағы баламды 23 тамыз күні мұсылман дәстүрі бойынша сүндетке отырғызу үшін Павлодар облыстық балалар емханасының хирург дәрігері Мұхит Ақшолақовқа алып келдім. Өкінішке қарай, дәрігердің қателігі мен қызметіне салғырт қарауы салдарынан баламның денсаулығына үлкен зиян келтірілді. Хирургия бөлімінің меңгерушісі мұны дәрігердің қателігі деп айтып отыр", делінген хабарламада.
Оның айтуынша, қазір бала Астана қаласындағы Ана мен бала орталығында жатыр.
Аталған оқиғаға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.
"Бүлдіршінге ота жасаған маманның 13 жылдық еңбек өтілі бар. Сонымен қатар, ол "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша біліктілік I санатындағы дәрігер. Қазіргі уақытта дәрігер хирургиялық операциядан шеттетілді. Осы факт бойынша денсаулық сақтау басқармасында арнайы комиссия құрылды, қызметтік тексеру жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Осы жағдай бойынша жоспардан тыс тексеруді бастау үшін ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне хат жолданды. Бала Ана мен бала орталығының урология бөлімінде, жағдайы тұрақты, делінген басқарма хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript