"Қазақстан" шахтасындағы қайғылы жағдай: жерасты өрті әлі толық сөнген жоқ
Сурет: freepik
Бес кеншінің өмірін қиған "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 жұмыс күніне ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір шахтаның апаттық учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп, көмек көрсетуге 14 кенші жұмылдырылған. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
"Тоғыз бөгет тұрғызылды және 100% толтырылды, 3 бөгеттін құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ведомство өкілдері газ мөлшері бақылауда екенін мәлімдеді. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript