Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында ойықжара жұқтырған 15 адам ауруханаға жеткізілді

Ақмола облысында ойықжара жұқтырған 15 адам ауруханаға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 11:38 Сурет: gov.kz
Ақмола облысында халықтың арасында ойықжараға күдікпен: Жарқайың (13 адам) және Есіл (2 адам) аудандарында 15 жағдай тіркелді. Барлық науқас - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында орналасқан "Үшқарасу" ЖШС қызметкерлері.

Адамдардың сырқаттануы жанасумен, кесумен, союға қатысумен, ауру жануарлардың еттерін кәдеге жарату орнына тасымалдаумен байланысты. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша барлық науқастар "ойықжара" диагнозымен Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласының АОА инфекциялық бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Оның 15-інде ойықжара диагнозы расталған (10 зертханалық , 5 клиникалық расталған).

"Жағдайы орташа ауырлықтағы науқастар тиісті ем алады. Медициналық бақылауда жүрген 35 байланыста болған адам анықталды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижесі бойынша 21 ет сынамасының 16-сында ойықжараның ДНҚ-сы анықталды. Барлық тексерілген ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен штаб құрылды. Штабтың шешімімен 31 тамыздан бастап Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуге шектеу шаралары енгізілді. 536 кг ет өртеу арқылы жойылды. Ет өңірден тыс жерлерге шығарылмаған. Инфекция ошағын жою бойынша жұмыс істеліп жатыр. Ойықжара ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар жалғасады. Жағдай бақылауда.

Халық үшін ойықжараның профилактикасы туралы жадынама әзірленді.

"Адамдардың инфекциясы негізінен ауру жануарлармен байланыста, өте сирек – ластанған топырақпен байланыста болады. Адамнан адамға ойықжара ауруы берілмейді. Инфекцияның негізгі көзі ауру ауылшаруашылығы жануарлары (ірі қара, жылқы, қой, ешкі). Ойықжараның қоздырғышы адам ағзасына, негізінен, зақымдалған тері арқылы, ішінара – тыныс алу жолдары мен асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Инкубациялық кезең (инфекция сәтінен бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт) 2-ден 14 күнге дейін", - деп ескертті дәрігерлер.

Профилактика шаралары:

  • Ет және ет өнімдерін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау жүзеге асырылатын санкцияланған сауда орындарында (ресми базарларда, дүкендерде, сауда орталықтарында) ғана сатып алу; кездейсоқ адамдардан ет және ет өнімдерін сатып алмау.
  • Шикі және пісіру кезінде ет өнімдерінің дәмін татпаңыз (мысалы, тартылған ет), ет пен ет өнімдерін мұқият қайнатыңыз және қуырыңыз.
  • Жануарларды сою алдын-ала ветеринарлық тексеруден кейін ғана жүзеге асырылады.
  • Үй жануарларына ойықжараға қарсы профилактикалық вакцинациялау жүргізу.
  • Егер ауру жануарлармен байланыста болғаннан кейін (күтім, сою, кесу және т.б.) жоғары температура, терінің қызаруы, жаралар пайда болса, шұғыл түрде жақын жердегі медициналық ұйымға медициналық көмекке жүгіну керек. Өзін-өзі емдеуге жол берілмейді, өйткені ол күрделі түрлерінің дамуына әкелуі мүмкін және өлім қаупін арттырады.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: