Самарқандтағы саммитке қатысушылар Aral Culture Summit көрмесін тамашалады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Климат конференциясынан кейін Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді.  Аталған алаңда Арал экожүйесін қалпына келтіруге, аймақтың мәдени мұрасын сақтауға және орнықты дамуына ықпал етуге бағытталған бастамалар көрініс тапқан.  Визуальді, сенсорлы және интерактивті тәсілдер арқылы ұсынылған экспозиция Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2025 16:01 Сурет: akorda.kz
Самарқандта Орталық Азия – Еуропалық Одақ саммитінің қатысушылары 2025 жылдың 4 сәуірінде Арал мәдениеті саммитінің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жұма күні Ақорданың Telegram-каналында белгілі болды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Климат конференциясынан кейін Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді.

Сурет: akorda.kz

Аталған алаңда Арал экожүйесін қалпына келтіруге, аймақтың мәдени мұрасын сақтауға және орнықты дамуына ықпал етуге бағытталған бастамалар көрініс тапқан.

Визуальді, сенсорлы және интерактивті тәсілдер арқылы ұсынылған экспозиция Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: