Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Өзбекстанда өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 15:32 Сурет: akorda.kz
Сапар аясында екі ел басшылары "HIVA GILAMLARI" кілем тоқу фабрикасына барып, өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 5 сәуірінде Ақорда берген ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев Хиуа қаласына жұмыс сапары барысында Президент Шавкат Мирзиёевпен бірге Өзбекстан жеңіл өнеркәсібіндегі үлгілі кәсіпорындардың бірі саналатын "HIVA GILAMLARI" кілем тоқу фабрикасын аралап көрді.

Іргесі 1977 жылы қаланған кәсіпорынға жаңа инвестор толықтай реконструкция жасаған. Мұнда жылына 4,2 миллион шаршы метр кілем тоқитын төрт цех жұмыс істейді.

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 15:32

Сурет: akorda.kz

Мемлекеттер басшыларына акрилден иірілген жіп өндіру цехы, кілем тоқу цехтары және дайын кілем үлгілерінің шоу-румы көрсетілді.

Кәсіпорын директоры Камол Абдуллаевтың айтуынша, фабрика кілемдері ішкі нарыққа сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне, ҚХР мен АҚШ-қа экспортқа шығарылады.

Содан кейін, президенттер Өзбекстан өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады

Павильондарда арнаулы техника, электр техникалық жабдықтар үлгілері, бау-бақша шаруашылығының селекциялық жетістіктері, тоқыма, химия, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері, жібек, тері және зергерлік бұйымдар көрмеге қойылған.

 Президенттер Өзбекстан өнеркәсіп тауарларының көрмесін тамашалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 15:32

Сурет: akorda.kz

Президенттер шекаралас облыстар аумағында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар кластерін құрудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Арал теңізінің табанына сексеуіл егіп, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бірлескен күш-жігер жұмсау қажет екеніне назар аударды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: