Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген

Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 15:14 Сурет: pexels
Сенат депутаты Амангелді Толамісов 7 қыркүйекте палатаның жалпы отырысында Қазақстанда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті болып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Амангелді Толамісов депутаттық сауалында асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесін көтерді.

"Елімізде бала асырап алғысы келетіндер санының азаймай отырғанына қарамастан, асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті күйінде қалып отыр: кейінгі бес жылда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару жағдайы көбейген. 64% өсті", - деді ол.

Ал мұндай фактілер, депутаттың айтуынша, ата-аналарға заңда жауапкершілік қарастырылғанына қарамастан болып отыр. Олар 75 АЕК көлемінде материалдық көмекті мемлекетке қайтару, алимент төлеу және екінші рет бала асырап алу мүмкіндігінен айыру.

Осы орайда ол бала асырап алуға ниет білдірген азаматтармен жұмыс істейтін орталықтар желісін кеңейту, сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлердің санын арттыру қажет екенін айтты.

"Сонымен қатар асырап алушылардың асырап алынған баланы қайтаруының құқықтық салдары туралы ақпаратты енгізуді ұсынамыз. Ата-аналарға арналған мамандандырылған мектептер немесе орталықтар желісін кеңейту орынды сияқты. Асырап алынған баланы тастап кеткен тұлғалардың заңды жауапкершілігін, оның ішінде моральдық өтемақы көлемін және басқа да тетіктерді арттыру арқылы күшейту керек", – деп атап өтті Амангелді Төлемісов.

Асырап алушылар туралы, олардың оқиғасы туралы хабарландыруларды арттыру да жағдайды жақсартуға көмектесуі керек деді сенатор. Сондықтан ол eGov.kz порталына тиісті ақпаратты енгізуді ұсынып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: