Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 80 мыңға жуық жас азамат деструктивті қоғамдастықтың мүшелері

Елімізде 80 мыңға жуық жас азамат деструктивті қоғамдастықтың мүшелері, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 15:30 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев ШЫҰ АТҚ кеңесінің 40-отырысында биыл Қазақстанда деструктивті қоғамдастықта жүрген жастардың арасынан 80 мыңға жуық желі пайдаланушысы анықталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары халықты радикалдандырудың маңызды факторы терроризмді интернет арқылы насихаттау екенін айтты.

Белсенді цифрландыру лаңкестік пен экстремизм идеологтарының үгіт-насихат қызметін интернетке ауыстыруға жағдай туғызды. Бүгінде ол жастардың радикалдануының басты факторы болып отыр.

"Өкінішке қарай, лаңкестік қауіп-қатерге ең осал және ұшырайтындар – жастар. Тек биылдың өзінде Қазақстанда деструктивті қоғамдастықта жүрген жастардың арасында 80 мыңға жуық желі пайдаланушылары анықталды. Оның ішінде алты мыңға жуығы - 18 жасқа дейінгілер. Бұл проблема үшін ШЫҰ АТҚ-да терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық бағыттағы прогрессивті даму қажет".Руслан Сейсембаев

Ол халықаралық лаңкестік ұйымдар халық арасында деструктивті ақпарат пен үгіт-насихатты тарату үшін цифрлық ортада ауқымды желілік инфрақұрылым құрғанын айтты.

"Сарапшылардың бағалауынша, интернетте 10 мыңға жуық экстремистік электрон платформалар жұмыс істейді. Деректер алмасу, экстремистік материалдарды тарату, лаңкестік әрекеттерді басқару әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалады".Руслан Сейсембаев

Бұған дейін ол Қазақстанда екі лаңкестік әрекеттің: Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жарылыс және Астанадағы қарулы шабуылдың алдын алғанын айтқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: