Жаңалықтар тізбегі
0

Атбасарда тұтқын жазаланды: Облыстық қылмыстық атқару жүйесінің басшылығы жұмыстан шығарылады

Атбасар, Қылмыстық-атқару жүйесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 17:46 Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов 8 қыркүйекте өткен дөңгелек үстелде Атбасар колониясында тұтқынды ұрып-соғу оқиғасынан кейін Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшылығы жұмыстан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дөңгелек үстел отырысында Жанат Ешмағамбетов бұл істі төтенше жағдай деп атап, түзеу мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі болғанын мойындады.
"Желіден бұл жазбаларды көргенде бірден реакция болды. Менің бірінші орынбасарым сол жаққа аттанды. Біз қызметтік тексеру жүргіздік, ішкі қауіпсіздік бөлімі арқылы материалдарды прокурорға бердік. 11 адамның қатысы болған, оның тоғызы дереу жұмыстан босатылды, екеуі сырқатына байланысты демалыста, бірақ оралған соң олар да жұмыстан босатылады. Осы мекеменің басшысы мен орынбасары да қызметтерінен босатылды. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысы қызметінен босатуға ұсынылды, ал оның орынбасары бүгін босатылды". Жанат Ешмағамбетов

Ол қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері жазбаны мұқият қарап шығып, сотталушы соншалық қарсылық көрсетпегендіктен колония қызметкерлері өкілеттігін асыра пайдаланды деген қорытындыға келгенін атап өтті.

"Ерегіскен, заң талаптарын орындамаған. Мұндай жағдайларда арнайы құралдар қолданылмайды. Біздің ойымызша, оның әрекетін бейнетіркегішке түсіріп, хаттама толтырып, тәртіптік камераға отырғызу туралы қаулы шығару керек еді", - деп түсіндірді  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, Қылмыстық-атқару кодексінде әрбір сотталған адам колония аумағында аптасына екі сағат тегін абаттандыру жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде үй-жайларды сырлауға және жөндеуге міндеттейтін бап бар. Бұл жуынатын бөлмеге де қатысты. Жұмыстан бас тарту – тәртіпті қасақана бұзу, ол тәртіптік камераға отырғызу арқылы жазаланады. Тұтқындар жұмыс түрін таңдай алмайды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Атбасардағы колония қызметкерлері тұтқындардың бірін әжетхана тазалаудан бас тартқаны үшін резеңке таяқпен ұрып-соққанын көрсететін видео тараған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: