Желіде балабақшада еденде ұйықтап жатқан балалардың суреті тарады
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Маңғыстау облысының әлеуметтік желідегі парақшаларында балабақшада түсірілген фотосурет тарады. Онда кішкентай балалардың еденде ұйықтап жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Анықтай келгенде, бұл Ақтау қаласындағы "Бесата" жекеменшік балабақшасы болып шықты.
"Балабақша әкімшілігі түсіндіріп өткендей, олар бұған мәжбүрлі түрде барған және бұл жеке сипаттағы аяқ-асты орын алған жағдай. 5 қыркүйекте тәрбиеші балаларды ұйықтарға жатқызбастан бір сағат бұрын үш төсектің сынғанын анықтайды. Балалардың қауіпсіздігі үшін оларды басқа жерге жатқызуға тура келген. Сол күні жаңа жиһаз сатып алынып, ескісі ауыстырылды", деп Inaktau.kz аталған жайтқа қатысты Ақтау қаласының білім бөлімі берген түсініктемесін алға тартады.
Аталған жекеменшік балабақша биыл көктемде ашылыпты. Ол 50 орынға есептелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript