Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысының тұрғыны ұрланған электр құралдарын Астана базарында сатқан

Ақмола облысының тұрғыны ұрланған электр құралдарын Астана базарында сатқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 16:23 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында әуесқой ұрының Целиноград ауданы мен Қосшы қаласында 20 ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде 33 жастағы астаналықтың 8 бөтен мүлікті ұрлауға қатысы бар екені дәлелденді. Тағы 12 қылмыс бойынша тиісті тергеу жасалып жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Жыл бойы Целиноград полиция бөліміне Қараөткел және Қоянды ауылдарының тұрғындары электр құралдары ұрланды деп, өтініш білдірген. Тергеу барысында осындай өтініштер Қосшы қаласы мен Аршалы ауданының полиция бөлімдеріне де тіркелгені белгілі болды. Жәбірленушілердің айғағына сай белгісіз адамдар елді мекеннің шетінде салынып жатқан объектілердің аумағынан электр құралдарын ұрлаған.

Барлық фактілерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Айта кету керек, полицияға осындай 20 өтініш түскен. Осы қылмыстарды ашу және күдіктілерді анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жүргізді. Елордалық аумақта және Астанаға кіру-шығу кезінде орнатылған бейнебақылау камераларының деректерін мұқият зерттеді. Жедел қызметкерлер өткізу пункттерін тексеріп, бұрын мүліктік қылмыстар үшін сотталған адамдар мен ықтимал куәгерлерден жауап алынды.

"Шаралардың нәтижесінде Астанада бірқатар ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ол ауылдық елді мекендерге өзінің Lada Priora автокөлігімен келіп, иелері тиісті бақылаусыз қалдырған электр құралдарын әкетіп, содан кейін оларды елорданың құрылыс нарығында сатқан", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер тінту кезінде электр құралдарының 120-дан астам түрін тәркіледі. Олардың бір бөлігін жәбірленушілер таныған. Қазір ұсталған адамның 8 ұрлыққа қатысы дәлелденген. Тағы 12 факт тергеліп жатыр. Ұры уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: