Дәрігер мен медбикені соққыға жыққан: Шымкенттегі ауруханада жанжал шықты
Видеода жедел жәрдемнің екі дәрігері науқасты ұстап, оған көмектесуге тырысады. Соңғысы қарсылық көрсетіп, медицина қызметкерлеріне соққы жасайды. Науқастың туыстары не болып жатқанын видеоға түсіріп, туысын тыныштандыруға тырысып жатыр. Алайда зорлық-зомбылық көрсеткен науқасты тағы екі дәрігер араласып қана тыныштандырған.
Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Мұның бәрі 20 қыркүйекте Гипербарикалық оттегі орталығында болған. Туыстарының айтуынша, науқас улы сұйық ішкен. Дәрігерлер оны тексерді. Ол психикалық қозу жағдайына және тыныштандыратын ем шараларына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды.
"Алайда науқас медицина көмегіне қарсылық көрсетіп, медицина қызметкерлеріне дене күшін қолданған. Оқиғаға байланысты 102 қызметіне ақпарат берілді", - деп хабарлады Шымкент Денсаулық сақтау басқармасы.
Сонымен қатар басқарма жарақат алған дәрігерлердің жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлады.
19 қыркүйек күні Талғар аудандық орталық ауруханасында реаниматолог пен медицина қызметкері аяусыз соққыға жығылды. Марқұмның туыстары Талғар орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінің дәрігері мен медбикесіне шабуыл жасаған. Дәрігерлердің денесі көгерген, сынықтар да бар. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Күдіктілер қазірдің өзінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.