Жетісу облысында қант қымбаттады

Жетісу облысында қант қымбаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 14:55 Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қаласы мен Жетісу облысына жақын аудандардың тұрғындары қанттың қымбаттағанына шағымданды. Күз басынан бері ең қажет тауарлар 30% қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының тұрғындары тамыз айының соңында 25 келілік бір қап қантты 9 мың теңгеге сатып алған. Дегенмен күз келісімен ең қажет өнімдердің бағасы өзгерген.

"Жазда 9 мыңға алып едім. Қазір 11-12 мың деп тұр. Баға ай сайын көтеріліп жатыр, бұл не сұмдық? Облыста екі қант зауыты бар, бірақ жергілікті өнімді табу өте қиын. Бәрі Ресейден келген", - дейді жергілікті тұрғын Ольга Пастухова.

Танымал сату сайттарынан қант сатып алуға болады. Бірақ жеткізушілердің бір шарты бар - клиент кем дегенде 500 келі өнім сатып алуы керек. Мұндай жағдайда сатушылар қантты 200 теңгеден сатуға дайын.

Жетісу облысының кәсіпкерлік басқармасы өңірде қант қымбаттаған жоқ деп есептейді. Мамандардың айтуынша, түйіршіктелген қанттың бағасы келісіне 439 теңге. Сөрелерде өнім тапшы емес.

"Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында биыл облыстың азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына 2190,5 тонна қант (облыстың жылдық қажеттігінің 18%-ы) сатып алынды. Оның бағасы 420 теңгеден. Жалпы сомасы 920 млн теңгені жергілікті өндіруші "Көксу қант зауыты" ЖШС төледі. "Бүгінде тұрақтандыру қорында 2163,2 тонна қант қалдығы бар. Оның әр келісі 425 теңгеден сатылып жатыр", - деп хабарлады Zakon.kz-ке тиісті департамент.

Дегенмен тұрақтандыру қорының өнімдері облыстағы тек сегіз сауда орнында: бес әлеуметтік дүкенде және үш базардағы кассада сатылып жатыр. Тиісті органдар қарапайым базарлар мен дүкендердегі бағаны неге қадағаламайтыны көптеген тұрғындар үшін жұмбақ күйінде қалып отыр.

2023 жылдың 27 қыркүйегінде ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтардың қант тапшылығы мен құнының көтерілуі мүмкін деген алаңдаушылығына түсініктеме берді. Одан кейін ол қазір қант бағасы төмендеп жатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: