Семейде қала тұрғындарын "елес" болып қорқытқан қыз ұсталды

Семейде қала тұрғындарын "елес" болып қорқытқан қыз ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 13:11 Сурет: Zakon.kz
Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы Семей тұрғыны "елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан еді.

Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.


"Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: