Жаңалықтар тізбегі
0

Құжаттарды қолдан жасау, мал сою талабын бұзу: СҚО-да 24 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

СҚО прокуратурасы, ветеринариялық талаптар, мал сою, ветеринариялық қызметтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 09:59 Сурет: Zakon.kz
СҚО прокурорлары талдау жүргізу кезінде ветеринария саласындағы елеулі бұзушылықтарды анықтады. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қадағалау органы ветеринариялық қызметтер "Ветеринария туралы" Заңның талаптарын сақтамастан, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзғанын, ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық көлемде жүргізбегенін атап өтті.

Талдау барысында облыс прокурорлары анықтаған бұзушылықтар:

  • ветеринариялық құжаттар қолдан жасалған (ет өнімдеріне ветеринарлық анықтамалар және вакцинация актілері), олар бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды;
  • аудан әкімдіктері ветеринариялық ережелердің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етпеген;
  • арнайы пункттерде емес, жеке аулада мал сою тәжірибесі жалғасуда.
"Қадағалау органының актісі бойынша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде Ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жол берілген бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді".Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Облыстық прокуратура малды белгіленбеген жерлерде сойған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын нақтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: