Жаңалықтар тізбегі
0

Қайыңды жолында ірі апатқа ұшырағандардың жағдайы қалай

Қайыңды жолында ірі апатқа ұшырағандардың жағдайы қалай, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 14:44 Сурет: Instagram/baurzhan__alenov
Алматы облысында ірі жол апаты болды. Қайыңды-Саты тау жолының 9-шақырымында екі автобус бетпе-бет соқтығысқан. 6 қазанда дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, 5 қазанда Алматы облысында Қайыңды көліне баратын жолда ірі апат болды. Туристер мінген екі автобус бетпе-бет соқтығысқан. 36 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, алтауы ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленовтің айтуынша, 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы келе жатқан көлікке шығып кетіп, 1997 жылы туған азамат О.-ның басқаруындағы УАЗ көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Аталған факті Кеген аудандық полиция бөлімшесіне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық фактісі болып тіркелді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің арасында 20 әйел және 14 ер адам бар.

"Барлық зардап шеккен адамға алгоритм бойынша толық көлемде жедел медицина көмегі берілді. Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы мен ТМСП бригадасы (28 қызметкер және 14 бірлік жедел жәрдем көлігі) жіберілді".Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Бөлімдегілер бір науқас Кеген аудандық ауруханасында, екеуі Шелек ауылындағы аудандық ауруханада, тоғыз адам Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханада ем қабылдап жатқанын түсіндірді.

"Науқастардың жағдайы орташа ауыр".Алматы облысы ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл мәселе Алматы облысы әкімінің бақылауында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: