Қарағанды облысында ер адам әйелін қызының көзінше мерт қылды
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде 11 қазан күні Қарағанды облысына қарасты Абай қаласында күйеуі әйелін ұрып өлтіргені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желідегі жазбаға қарағанда, күйеуі әйелін бұған дейін де бірнеше рет ұрып-соққан. Әйелі Алматыға қашып кеткен де екен, алайда көп ұзамай үйіне оралған. Марқұм әйел күйеуін балалары үшін кешірген.
"11 қазан күні кешке 10 жасар ұлы әжесінің үйінде, ал 13 жастағы үлкен қызы бөлмесінде отырғанда күйеуі пәтерде әйелін соққыға жығып, әйел алған жарақаттарынан қаза болды", – делінген хабарламада.
Полицейлер әйелдің күйеуін ұстады. Ол кінәсін мойындады.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript