Атырау облысында "Нива" көлігі ішіндегі адамдарымен қоса суға батып кетті

Атырау, Нива, суға батып кеткен көлік, апат, Жайыз өзені, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:22 Сурет: pixabay
Атырау облысында "Нива" көлігі Жайық өзеніне батып кетіп, екі ер адам қаза тапты. Облыстық полиция Zakon.kz сайтына 18 қазанда болған қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері көлікті өзеннен шығарды.

"Нива" көлігінен 1971 және 1981 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды, денесінен жарақат анықталған жоқ". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер бейнекамераларды қарау кезінде 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында көліктің жоғары жылдамдықпен Жайық өзеніне түсіп кеткенін анықтаған.

Ведомство өкілдері сот-медициналық сараптама тағайындалғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: