20 қазаннан бастап Алматыда қала маңына тағы бір автобус қатынайды
Сурет: Алматы әкімдігі
20 қазанда Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт ашылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл 20 қазанынан бастап 12 жылжымалы бірлік желісінде қала маңына қатынайтын "Төле би - Яссауи бұрылу алаңы - Қарғалы кенті" сызбасы бойынша жүретін №236 бағыт ашылады әрі көліктің қозғалыс интервалы 17 минут болады.
"Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сай, қызмет көрсету "NEO city TRANS" ЖШС тасымалдаушысына берілді. Осы бағыт бойынша жолаушыларды ISUZU HC-40 маркалы автобустар тасымалдайды", - делінген Алматы әкімдігі хабарламасында.
Еске салсақ, Алматы агломерациясын дамыту аясында Алматының қалалық мобильділік басқармасы 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 3 бағыт іске қосылған. Олар:
- №223 "Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары",
- №233 "Қараой – Саяхат ауылы",
- № 240 "Батыр ауылы – "Адем-1" СҮ, Солтүстік айналма көшесі. Қалған бағыттар әзірленіп жатыр.
Бұдан басқа, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңындағы бағыттарды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript