Мамандар Алматыға қанша жауын түскенін есептеді
Сурет: pixabay
23 қазан күні Алматыда жаңбыр жауды. Оңтүстік астананың әкімдігі мегаполисте су тасқыны тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, 23 қазанда Алматыда 11 мм, әуежай аймағында 18 мм, Каменское үстіртінде 15 мм жауын-шашын түсті.
"Су кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, түнде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу және болдырмау үшін 115 жол жұмысшысы, 114 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылды", - делінген 24 қазанда тараған хабарламада.
Төтенше жағдай бойынша кезекшінің мәліметінше, су тасқыны тіркелмеген.
"24 қазан күні сағат 8:00-ден бастап жауын-шашыннан кейін арық желілерінің бітелуін жою үшін 39 кезекші бригада ұйымдастырылып, 746 жол жұмысшысы, 163 арнайы техника, 23 мотопомпа жұмылды".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аудан әкімдіктері жұмыс барысын тәулік бойы қадағалайды. "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша бүгін күндіз Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, +14+16°C.
23 қазан күні Алматыда сағат 10:00-де жаңбыр жауып, келесі күні таңға дейін жалғасқанын бұрын хабарлаған едік. Осыған байланысты оңтүстік астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript