ҚТЖ Қарағанды бөлімшесі өз қызметкерлерін шипажайда емделді деп жалған есеп берген

Қарағанды көлік прокуратурасы "ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі" қызметкерлерінің сауықтыруға қаражат жұмсау кезіндегі заңдылықты сақтауына талдау жүргізді.
ҚТЖ мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шартта жұмыс беруші мұқтаж жұмысшыларға жеңілдік шарттарымен санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар беруге немесе медицина көрсеткіші болғанда 60 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндетті екені көрсетілген.
Осы құжатқа сай теміржол саласының қызметкерлері әр 3 жылда ем санаторийлеріне жолдама алады. Оған қоса барлық шығынды Ұлттық тасымалдаушы көтереді. Алайда ҚТЖ есептері мен курорттық ұйымдардың ақпараттарын салыстыру ҚТЖ филиалының емделуді қажет ететін әр үшінші қызметкері санаторийге іс жүзінде бармағанын және тиісті процедураларды алмағанын көрсетті.
"Мысалы, азамат А биыл наурыз айында сауықтыру орталығында демалғаны туралы құжаттар ұсынған. Алайда медицина мекемесінің жауабынан көрсетілген адамның оларда болмағаны анықталды. Жалпы алғанда прокуратура Қарағанды облысының теміржол саласы қызметкерлерінің курорт ұйымдарының қызметін алу туралы осыған ұқсас 100 жалған есебін анықтады. Алаяқтық негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оны жүргізу көліктегі полицияға тапсырылды".Бас көлік прокуратурасы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript