Ақтөбе облысында шенеуніктер 2,6 миллиард теңге бюждет қаражатын заңсыз жұмсамақ болған
Сурет: freepik
Ақтөбе прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласына талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзу фактілерін анықтап, 2,6 млрд теңгеге мемлекет ақшасын мақсатсыз пайдаланудың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары біліктілік талаптарын бұзаны белгілі болды. Олар 2 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды іске асырған.
"Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген жұмыстарға лицензия беру туралы талаптар негізсіз белгіленген. Басқа жағдайда Ырғыз, Алға және Мәртөк аудандарының экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары "Автомобиль жолдары туралы" Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 360 млн теңгеге ведомстволық сараптамадан өтпей, жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізді".Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Прокуратруаның хабарлауынша, бір көзден 296 млн теңге мөлшерінде шарттарды заңсыз жасасудың 18 фактісі анықталды.
"Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының арқасында бұл сатып алулар жойылды, нәтижесінде 2,6 млрд теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді", – делінген хабарламада.
Ақтөбе облысында әкімдіктің бөлім басшысы 5 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript