Болат Назарбаев жансақтау бөлімінде жатыр

Нұрсұлтан Назарбаев, Болат Назарбаев, жансақтау бөлімі, "Салиқалы ұрпақ" қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 13:31 Сурет: wikimedia
Алматының Орталық клиникалық ауруханасы Zakon.kz сайтына Болат Назарбаевтың жағдайын айтты.

2023 жылғы 6 қарашадағы хабарламаға сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі жансақтау бөлімінде жатыр.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, біз науқастың жағдайына қатысты жеке ақпаратты туыстарының келісімінсіз жариялауға құқығымыз жоқ. Бұл мәселе бойынша түсініктеме бере алмаймыз"."Орталық клиникалық аурухана" АҚ баспасөз қызметі

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген.

1997 жылдан бері ол BN Invest холдингін басқарады. 2016 жылы "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорын құрды. Сол жылы "Парасат" орденімен марапатталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: