Алматы облысында бала зорлады деп күдікке ілінген азамат ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері жас қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 1 қарашада Жамбыл аудандық полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы тұрғынынан хабарлама түскенін еске салды. Тұрғын биылғы қазанда белгісіз ер адам оның қызына зорлық жасағанын айтқан.
"Бұл дерек дереу ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық" - ред.) бойынша аудандық ішкі істер органдарына тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 1974 ж.т. азаматты анықтап, ұстады. Сот санкциясымен қамауға алынған адам сотқа дейінгі тергеу барысында екі айға қамауға алынды", - деп жазды Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында.
Облыстық полиция департаменті бастығының айтуынша, қазір қылмысты тергеудің толықтығын, жан-жақтығын және объективтігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажет тергеу әрекеті жасалып жатыр.
2023 жылдың 31 қазанында белсенді Дина Таңсарі Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне Алматы облысында бес жасар қызды зорлады деген жағдайды тексеруді сұрап, жүгінген. Өңір полицейлері оның өтінішіне жауап беріп, зорлау туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript