Жаңалықтар тізбегі
0

"Әкімдіктің көлігі оқушыны қағып кетті": Полиция мен әкімдік не дейді

"Әкімдіктің көлігі оқушыны қағып кетті": Полиция мен әкімдік не дейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 16:03 Сурет: Zakon.kz
6 қараша күні әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкіміне тиесілі делінген көліктің астына түсіп қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Осы дерек бойынша облыстық полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы пабликтің бірінде жарияланған ақпаратқа сай, адам өлімімен аяқталған жол апаты өткен бейсенбі, 2 қарашада болған.

"Жетісу облысында мектеп оқушысы әкімнің көлігінің астына түсіп, қаза тапты. Оқиға 2 қараша күні кешке Ескелді ауданы, Биғаш ауылының маңында болған. Белгілі болғандай, көлікті Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова басқарған. Оқиға орнына жеткен жол полициясы қызметкерлері хаттама толтырғанымен, жол қозғалысы бұзылған. Тәртіп бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалған жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар баланы жерлеу рәсімі 4 қарашада өткені хабарланды.

Ал облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі ақпаратқа жауап беріп, оқушының қайтыс болғанын растады.


"2 қарашада 12 жасар жасөспірім Hyundai Creta көлігінің астына түсіп, қаза тапты. Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды", - деп хабарлады Жетісу облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Бүгін Кербұлақ ауданының әкімдігі 2 қараша күні Көксу ауылдық округінің әкімі А. Бақтиярованың қатысы бар Ескелді ауданы Биғаш ауылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты хабарлама жасады:

Бақтиярова Әлия Маратқызы 2018 жылдың 3 сәуірінен бастап Көксу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып жатыр. 2022 жылғы 14 наурызда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сай 2022 жылғы 13 наурызда өткен Көксу ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары жөніндегі сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының шешімімен Көксу ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

"Бақтиярова Әлия Маратқызы бүгінге дейін тәртіптік немесе теріс қылық жасаған жоқ. Бұрын сотталмаған. Қазір округ әкімі жұмыс орнында. Ескелді ауданында тіркелген жол-көлік оқиғасын тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін Көксу ауылдық округінің әкімі А.Бақтияроваға қатысты тиісті шара қолданылады", - деп хабарлады Кербұлақ ауданы әкімдігі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: