Есірткінің жарнамасы агрессив түрінен жасырын түрге ауысып жатыр – ІІМ

Есірткінің жарнамасы агрессив түрінен жасырын түрге ауысып жатыр – ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 17:18 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде есірткіні жарнамалағанда оның жасырын түрі қолданылып жатқанын айтты.

Ол интернет желісі арқылы есірткі қылмысын анықтау жұмысы жоспарлы түрде істеліп жатқанын айтты. Жыл басынан бері Мәдениет және ақпарат министрлігіне 3,2 мыңнан астам есірткі сайттарын бұғаттау туралы сұраухаттар жолданған.

"Алайда бүгінде есірткі жарнамасының хабарландыру сайттары және басқа да интернет-платформалар арқылы "агрессив" түрінен "жасырын" түріне ауысып жатқаны байқалып отыр. Бастапқыда дереккөздерде есірткі сайттары деп ашық жазылса, бүгінде қаскүнемдер бұғатталуы мүмкін екенін түсініп, сілтемелер жасайтын болған", - деді спикер.

Бұл тұста "OLX" сайтының танымалдығы басым болып тұр.

"Жыл басынан бері ІІМ бастамасы бойынша полицейлер және сервис қызметкерлері осы сайттан анықтаған есірткі салып қоюшыларды жалдау бойынша "жасырынған" үш мыңнан астам хабарландыру өшірілді", - деп қосты Бақытжан Әмірханов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: