Жеңіл көлік жол бойында КАМАЗ-ын жөндеп жатқан жүргізушіні қағып кетті, екі жүргізуші де қаза тапты

Жол-көлік апаты, тас жол, КАМАЗ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 11:20 Сурет: polisia.kz
Жол апаты Астана – Павлодар тас жолында болды. Екі жүргізуші де көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қараша күні сағат 21.00-де Астана – Павлодар тас жолында Lada көлігінің жүргізушісі көлігін жөндеп жатқан КАМАЗ жүргізушісін қағып, жүк көлігінің арты бөлігіне кіріп кетті.

"Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты, Lada  көлігіндегі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажет сараптамалар тағайындалды. Көліктер айып тұрағына қойылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: