Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлан Мәсімовтің үкіміне қатысты шағым онлайн режимде қаралатын болды

Нұрлан Мәсімов, Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 12:00 Сурет: Zakon.kz/Ирина Адылканова
9 қараша күні Павлодар облыстық сотында облыстық полиция департаментіндегі ұрлық және сыбайлас жемқорлық ісі бойынша апелляциялық шағым қарала бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар полициясының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евкович сот отырысына тергеу изоляторынан онлайн қосылды.
"Құрметті төраға, менің өтінішім бар, біріншіден, сот залында болсақ, процесс оффлайн режимде өтсе, мұнда дауыс естілмейді", – деді Нұрлан Мәсімов.

Ол бұдан бөлек айыптау үкімін шығарған бірінші сатыдағы сот отырыстарының аудиожазбаларымен және материалдарымен танысуға уақыт беруді сұрады.

Өтініштерді басқа айыпталушылар мен олардың қорғаушылары да қолдады. Алайда қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот процесін онлайн өткізуді жөн санасады.

Екінші өтініш қанағаттандырылды, шағымды қарау екі аптаға шегерілді.

2023 жылғы 10 тамыз күні Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке, оның экс-орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты айыптау үкімін шығарды.

Нұрлан Мәсімов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі (аса ірі көлемде пара алу), 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу), 392-бабының 1-бөлігі (мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрлан Мәсімов шекарадан заңсыз өткен кінәсін ғана мойындайтынын мәлімдеді. Мәсімов пен оның қорғаушылары істі "фамилияға байланысты қолдан жасалған" деп атады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: