Қарағанды облысындағы ауылда сібір жарасына байланысты карантин алынды
Сурет: Алматы әкімдігі
Қарағанды облысының Топар ауылында сібір жарасының өршуіне байланысты 26 қазанда енгізілген карантин алынып тасталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, карантинді алып тастау туралы шешімді ауыл әкімі қабылдаған. Шектеу іс-шарасы барысында елді мекенде жаңадан адамдар да, мал да ауруды жұқтырмағаны анықталды.
"9 қараша күні Топар ауылында карантин алынып тасталды. Шектеу шарасы кезінде бұқаның еті арнайы пешке шығарылды, барлық қажет профилактика іс-шарасы жасалды. Адамдар арасында да, мал арасында да инфекцияның жаңа жағдайы тіркелмеді", - деді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.
26 қазанда Топар ауылында сібір жарасының өршуіне байланысты карантин енгізілген. Инфекция көзі ретінде жеке шаруа қожалығының сегіз айлық бұқасы анықталған. Үш адамнан ауру табылды, оның бірі жұқпалы аурулар орталығында қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript