Жаңалықтар тізбегі
0

Миллионнан астам оқушы бір мезгілде ұлттық ойындар ойнайды

Миллионнан астам оқушы бір мезгілде ұлттық ойыңдар ойнайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2023 16:45 Сурет: Zakon.kz
17 қарашада еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді. ҚР Оқу-ағарту министрлігініңхабарлауынша, оқушылар "Бес табан" және "Бес асық" ойындарын ойнайды.

Мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар. Ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі дейді мамандар. Мысалы, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, оған қоса көру қабілетін жақсартады.

"Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған", - дейді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: