Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді

Ақбөкен, киік, киік мүйізі, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 14:03 Сурет: wikimedia
Ақсу қаласының тұрғынынан құны екі миллиард теңге болатын ақбөкен мүйіздері тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, күдіктінің гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Қызыл кітапқа енген жануардың жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

"Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Биологиялық және трассологиялық сараптамалар тағайындалды", – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Ұсталғандардың мемлекетке шамамен 2 млрд теңге зиян келтірген.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: