"Қазақмыс" компаниясына қарасты фабрикада жұмысшы қаза тапты

Жұмысшы қаза тапты, Жезқазған, фабрика, Қазақмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 19:07 Сурет: pexels
22 қарашада "Қазақмыс" компаниясына қарасты фабрикада конвейер машинисі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақмыс" компаниясының мәліметінше, жазатайым оқиға 2023 жылдың 22 қарашасында №2 Жезқазған байыту фабрикасында болған.

"Конвейер механизміне қысылып қалу салдарынан 1980 жылғы конвейер машинисі өмірге сай келмейтін өте ауыр жарақат алды. Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алушының өлімін тіркеді", делінген хабарламада.

Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.

"Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: