Ақмолалық тұрғынды алдамақ болған алаяқтардың әрекеті іске аспады

Ақмолалық тұрғынды алдамақ болған алаяқтардың әрекеті іске аспады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 23:21 Сурет: Zakon.kz
19 қарашада полицияға 63 жастағы қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Әйел бірнеше сағат бұрын телефонына, сосын WhatsApp арқылы өзін полиция қызметкері деп таныстырған белгісіз адамдардан екі қоңырау түскенін айтты.

Алаяқтар өтініш берушінің ұлы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік апатын жасады деп айтқан. Олар зейнеткерді "ұлыңыздың қабырғасы сынған, ал жаяу жүргінші ауыр жағдайда" деп қорқытқан. Содан кейін алаяқтар жәбірленуші тарап 300 мың теңге сұрады деп бірден жағдайдан шығуды ұсына бастаған.

Қорыққан қала тұрғыны қоңырау шалушыларға мұндай сома жоқ екенін, алайда 200 мың теңге дайын екенін жеткізген. Алаяқтар бұған келісіп, әйелге ақша жіберу қажет абонент нөмірін көрсеткен. Бірақ алаяқтар қателесіп, нөмірдің соңғы екі санын дұрыс көрсетпеген.

Барлық нұсқауды мұқият тыңдаған әйел терминал арқылы ақшаны аударған. Содан кейін ғана ұлына жағдайын туралы білуге қоңырау шалған.


"Полицияға жүгініп, жедел-іздестіру жүргізгеннен кейін қызметкерлер ақшаның Алматы қаласының 31 жастағы тұрғынына жіберілгенін анықтады. Барлық жағдайды түсіндіргеннен кейін ол ақшаны заңды иесіне қайтарып берді", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: