Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жас батырды "Ел қорғаны" медалімен марапаттады

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жас батырды "Ел қорғаны" медалімен марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 16:26 Сурет: Алматы гарнизонының баспасөз қызметі
Бұл награданы "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушісі Ақжол Геройға қорғаныс ведомствосының басшысы атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыс етті.

Іс-шараға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы, Ақжолдың ата-анасы және "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жас батырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 16:26

Сурет: Алматы гарнизонының баспасөз қызметі

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Ақжолға батыл іс-әрекетінің арқасында жол-көлік оқиғасының алдын алғаны үшін ізгі тілектерін жеткізген.

Марапат, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 16:26

Сурет: Алматы гарнизонының баспасөз қызметі

"Сіздердің ұлдарыңыз сындарлы сәтте атына заты сай нағыз батыр екенін дәлелдеді", - делінген Ақжолдың ата-анасына жазылған алғыс хатта.

22 қарашада Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі № 24 лицейдің 8 сынып оқушысы Ақжол Герой 219 бағдарлы автобусқа отырған болатын. Жолай жүргізушінің жүрек талмасы ұстайды. Мұны байқаған Ақжол жүргізуші кабинасына жүгіріп жетіп, тежегішті басып үлгереді. Соның арқасында автобус тұрғын үй қоршауына жарты метр ғана жер жетпей тоқтайды.

Марапаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 16:26

Сурет: Алматы гарнизонының баспасөз қызметі

8 сынып оқушысының жедел қимылы болуы мүмкін ауыр зардаптардан сақтап қалды. Куәгерлердің айтуынша, Ақжол көліктің үймен соқтығысуының алдын алған. Оқушының бұл батыл әрекеті туралы хабарламалар барлық ақпараттық арналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен жариялануда.

Өзі оқитын мектепте ержүрек оқушы ноутбукпен марапатталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев оған алғыс хат пен соңғы үлгідегі iPhone 15 ұялы телефонын табыс етті.

Марапаттау , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 16:26

Сурет: Алматы гарнизонының баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: