Оралда басына кірпіш құлаған әйел оқиға орнында жан тапсырды
Сурет: freepik
Орал қаласында басына кірпіш құлаған әйел оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"МойГород" басылымы хабарлағандай, қайғылы оқиға 26 қарашада Назарбаев даңғылында болған. Марқұм - Оралдағы Досмұхамедов атындағы колледж директорының орынбасары.
"Біздің колледж үшін бұл - үлкен трагедия. Осында сабақ беретін әрі колледж директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары. Біз әлі күнге дейін сене алмаудамыз. Ол колледжіміздің еңбек сіңірген оқытушыларының бірі еді", – дейді марқұмның әріптесі Біржан Сәпиев.
Куәгерлер жедел жәрдем көлігі тез келгенін, бірақ әйелді құтқару мүмкін болмағанын айтады.
"Қан көп кеткен. Кірпіш басына түскенде ол бірден көгеріп кетті. Полицейлер айналаны қоршап, ешкімді ол жаққа жібермеді. Кірпіштің өзі құлауы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, өйткені бұл үй өте ескі", - деді оқиға куәгергерлерінің бірі.
Кірпіші құлаған үй 1964 жылы салынған, оның тозу деңгейі 50% құрайды. 2010 жылдан бастап тұрғындар бұл үйді жаңалауды сұрап, түрлі мемлекеттік орынға өтініштер жолдауда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript