"Қазақмыс" қайғылы жағдайға байланысты барлық жерасты кеніштеріндегі жұмыстарды тоқтатты
Сурет: freepik
"Қазақмыс" корпорациясы Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде екі жұмысшының қаза табуына байланысты жерасты кеніштеріндегі барлық жұмысты тоқтатты. Оқыс оқиға 2023 жылдың 27 қарашасында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық жұмысты тоқтату үкімі бүкіл ереже бұзушылықтар анықталып, жойылмайынша өз күшінде болады. Компания басшылығы тексерістің барлық кезеңі үшін тоқтатылатын шахта бригадаларына еңбекақыны толық төлеу туралы шешім қабылдады.
"2023 жылдың 27 қарашасында Жайсаң кенішінде болған топтық апатқа байланысты «Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығы корпорацияның барлық жерасты кеніштеріндегі тау-кен және күрделі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады. Кеніштерде ішкі экспорттық комиссия инспекциялары құрылды. Комиссияларды кәсіпорындардың бас инженерлері басқарады. Басталған тексерістер өндірістік ереже бұзушылықтарды, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы ереже бұзушылықтарды егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған", делінген хабарламада.
Комиссиялардың жұмысы аяқталып, барлық мән-жайлар нақтыланғаннан кейін тексеру нәтижелері еңбек ұжымдарына жеткізіледі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін одан әрі күшейту шаралары қабылданады.
Айта кетсек, 27 қарашада Жайсан кенішінде жазатайым оқиға орын алып, салдарынан екі адам қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript