13 адам қаза тапқан алапат өрт жөнінде Алматы әкімдігі түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz
Қала билігі өрттен зардап шеккендер қайда орналастырылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Сағат 08:40-тағы жағдай бойынша өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
"Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екі адам Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Науқастың бірі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Екінші науқас барлық тексеруден кейін ұсыныстармен амбулаторлық емдеуге жіберілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript