ТЖМ басшысы Алматыдағы өрттен кейін барлық хостелге тексеру жүргізілетін-жүргізілмейтінін айтты
Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Сырым Шәріпханов 30 қарашада өткен брифингте Алматыдағы өрттен кейін хостелдерге жаппай тексеру жүргізілетін-жүргізілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ басшысы мұндай тексерулер жүргізу үшін Бас прокуратураның рұқсаты қажет екенін атап өтті.
"Меніңше, мұндай жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл - біздің басты міндетіміз. Бірақ Бас прокуратурадан рұқсат алуымыз керек. Егер рұқсат беріп жатса, онда біз осындай жұмыстарды жүргізуге мүдделі боламыз. Бұл, ең алдымен, өрттің алдын алу үшін қажет", - деді Сырым Шәріпханов.
Ол бұған дейін хостелдің жертөлесінде болғандардың аман қалу мүмкіндігі аз екенін айтқан. Өртті сөндіру қалың түтін мен жүріс бөліктерінің тар болуы қиындатқан.
30 қарашада таңертең Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі хостелден өрт шықты. 13 адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді. 59 адам жанып жатқан ғимараттан өз бетінше қашып шыққан.
Әкімдік Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істегенін нақтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript