Оралда құны 967 млн теңгеден асатын заңсыз алынған темекі партиясы жойылды
Сурет: unsplash
Қаржы мониторингі агенттігі БҚО бойынша Департаментімен Орал қаласында сәйкестендіру құралдарынсыз құны 967 млн теңгеден асатын 1,6 млн қорап темекі партиясын жойды.
Бұған дейін департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, екі өлшемді матрицалық штрихкодсыз темекі өнімдерін сататын адамдар тобын анықтаған еді. Соттың шығарған үкімі негізінде адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тәркіленген темекі жойылуға тиіс болды.
Сонымен қатар басқа іс бойынша сот бұған дейін ҚМА БҚО бойынша департаментінің заттай дәлелдемелерді, атап айтқанда, тиісті құжаттарсыз заңсыз кәсіпкерлік қызметті анықтау нәтижесінде тәркіленген DataMatrix бар темекілерді өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қаулы шығарған еді.
"Осы сатылымнан түскен 84 млн теңге сомасындағы қаражат сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне аударылды", - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Агенттік экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы "АФМ Insider" телеграмма ботына хабарлауға болатынын ескертті. Анонимге кепілдік беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript