Жаңалықтар тізбегі
0

Айнала қан-қан, тыр жалаңаш жүгіріп жүрген ер адам: Ақтаудағы жалдамалы пәтердегі лаң

Қан, Ақтау, жалдамалы пәтер, тыр жалаңаш ер адам, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 18:49 Сурет: видеодан алынды
Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары жалға берілетін пәтерде үнемі орын алатын даңғаза мен тәртіпсіздіктерден әбден шаршағандарын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, 3 желтоқсанда күндіз тұрғын үй кешенінің подъезінде қырғын төбелес болып, ақыры пышақтасумен тынған. 

Үй тұрғындары бейнетаспаға түскен видеоны редакцияға ұсынды. Видеода тыр жалаңаш ер адамның екіншісінен қашып бара жатқанын көруге болады. Содан кейін олардың біреуі қан-қан болып кері оралады. Үй тұрғындарының айтуынша, мұндай оқиғалар жалдамалы пәтерде жыл бойы болып келеді. 

"Осындай тәртіпсіздіктер жыл бойы қайталанып келеді. Біздің үйде риэлторлық компания пәтерді жалға береді, ал ол үйде түрлі сұмдық жағдайлар орын алады. Мысалы, нашақорлар жасырын орынды іздеп барлық "розеткаларды" сындырып кетті. Кіре беріс есікті үнемі бұзып, қиратып тастайды. Пәтерде үнемі даң-дұң, жынойнақ, жезөкшелер де көп келеді. Кеше тыр жалаңаш ер адам жүрді, екіншісі оны пышақпен қуып жүрген. Баспалдақтың барлығы қан-қан. Полиция мен екі жедел жәрдем көлігі келді", - деп шағымданады үй тұрғындары.


Тұрғындар риэлторлық компанияға бірнеше рет ескерту жасағандарын айтады, бірақ компаниядағылар қалада жалға беретін пәтерлері көп екенін, бірақ шағымдар тек осы үй тұрғындарынан түсетінін жеткізген.

Өңірлік полиция департаменті аталған тұрғын үйдің подъезінде болған қанды оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Полицияның мәліметінше, 2023 жылы 3 желтоқсанда сағат 16:30 шамасында "102" кезекші пультіне 10 ықшам аудан, 11 үй мекен-жайынан қоңырау шалушы ер адамның көмек сұрағанын хабарлаған. 

"Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы аттанды. Белгілі болғандай, екі ер адам мас болған әрі олардың арасында жанжал туындаған. Олардың бір-біріне шағымдары жоқ, арыздану да ойларында жоқ. 27 және 47 жастағы ер адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу)", - деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ, полиция бұл пәтерді жалға алу фактісі бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тексеру үшін хабарлама жіберілгенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: