АрселорМиттал Қарағанды ​​облысын дамытуға 16 млрд теңге бөледі – Шарлапаев

Өнеркәсіп министрі, АрселорМиттал, Қазақстан үкіметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 12:40 Сурет: gov.kz
АрселорМиттал Қарағанды ​​облысын дамытуға 16 млрд теңге береді. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр бұл жайында 2023 жылғы 8 желтоқсанда өткен брифингте айтты.
"Тағы бір маңызды жайт, АМТ "Қазақстан халқына" қорына 16 млрд теңге көмелінде қомақты қайырымдылық жасайды. АМТ-дан түсетін қаражат Қарағанды ​​облысы мен Теміртаудағы білім және денсаулық сақтау салаларындағы әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталады. Қаржының 50 пайызы Теміртауға, 50 пайызы Қарағанды ​​облысына беріледі", – деді Қанат Шарлапаев.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы ArcelorMittal Temirtau және ArcelorMittal Tubular Products Aktau-ды беру жөніндегі келіссөздер аяқталғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: