Қарағанды облысында ірі-қара малдан құтырма ауруы анықталып жатыр

Ірі-қара мал, індет, құтырма ауруы, Қарағанды облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 21:53 Сурет: pxhere
Қарағанды облысы Жарлы ауылында ірі-қара мал құтырма ауруын жұқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандарының мәліметінше, әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді. Ветеринарлар қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды 24kz.

Ауылда шектеу шаралары енгізілді.

Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елдімекенге кіріп-шыққан көліктердің бәрі тексеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: