Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тарифтерді негізсіз көтерген

ҚР ҚМА, энергия тарифы, электр энергиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 12:28 Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысының энергиямен жабдықтаушы ұйымдары электр энергиясын өндіру және өткізуге қатысы жоқ шығындарды электр энергиясының тарифтеріне қосқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ҚМА Қызылорда облысы бойынша Департаменті электр энергиясына тарифтерді қалыптастыруға талдау жүргізгенін мәлім етті. Нәтижесінде әлеуметтік нысандарды электрмен қамтамасыз ететін үш кәсіпорынның әкімшілік ғимараты мен көлік құралдарын жалға алу және басқа да шығындарды тарифке қосқаны анықталды.

"ҚМА аумақтық Департаменті мен Табиғи монополияларды реттеу департаменті қабылдаған шаралар нәтижесінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тарифтерінен негізсіз шығындар алынып тасталды, осылайша Қызылорда қаласы мен облыстың 5 ауданындағы (Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы) барлық бюджеттік ұйымдар үшін тариф 18,8%-ға, яғни кВт/сағ үшін 38,75-тен 31,45 теңгеге дейін төмендеді", – делінген хабарламада.

Жыл сайынғы бюджет қаражатын үнемдеу 380 млн теңгеден асады.

Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылыққа куә болған жағдайда Агенттікке хабарлауға кеңес берді.

"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: