Жаңалықтар тізбегі
0

2023 қорытындысы: Төтенше жағдайлар министрлігі 22 мыңнан астам адамды құтқарған

2023 қорытындысы: Төтенше жағдайлар министрлігі 22 мыңнан астам адамды құтқарған, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 09:51 Сурет: primeminister.kz
Биыл ҚР ТЖМ-нің құтқару бөлімшелері 76 мыңнан аса авариялық-құтқару шарасына шыққан. 22 мыңнан астам адам құтқарылып, эвакуацияланған. 5 мыңға жуық азаматқа алғашқы медицина көмегі берілген. Үкімет жыл қорытындысын шолып шықты.

ТЖМ-нің құтқару бөлімшелеріне 250-ден астам өрт сөндіру және арнайы техника, 2 мыңға жуық түрлі құтқару жабдықтары, 2 тікұшақ пен 70-тен астам пилотсыз ұшу аппараттары сатып алынды.

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың үш жылдық жол картасын іске асыру аяқталды. Бұл 214 елді мекенді су басу қаупін жоюға және тағы 607 елді мекенге төнген қауіпті азайтуға мүмкіндік берді. Осы елді мекендерде жалпы саны 120 мыңға жуық тұрғын үй орналасқан, 550 мыңнан астам адам тұрады.

Өрт қауіпсіздігін нығайту аясында биыл Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында 6 өрт сөндіру депосы салынды. Еліміздің 13 облысында 21 өрт сөндіру депосының құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ретте нормалар бойынша өртке қарсы қызмет қарастырылмаған елді мекендерде 57 өрт сөндіру бекеті ашылып, 80 ерікті бөлімше құрылған.

Республиканың орман қорындағы табиғи өрттерге жедел әрекет ету үшін өрт ошағын ерте анықтау жүйелері енгізілді. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысында су-құтқару станциясының құрылысы аяқталды. Республикалық және халықаралық маңызы бар жолдардағы жол-көлік оқиғаларына жедел әрекет ету үшін 8 медициналық құтқару бекеті жаңартылды. Сонымен қатар республиканың 6 облысындағы Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге шұғыл медицина көмегін беру үшін тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшірілді.

Алматыда жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлаудың автоматтандырылған жүйесінің станциялары орнатылды. Халықты эвакуациялау үшін бағыттар мен орындардың схемаларына түзетулер енгізілді, медициналық бұйымдар мен құрал-жабдықтардың резервтері құрылды. Халыққа жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету қажет екені жөнінде түсіндіру жүргізілді.

Сел қаупінен қорғауды қамтамасыз ету аясында ірі жоба жүзеге асты – сел ұстайтын "Аюсай" бөгеті пайдалануға берілді. 2024 жылы "Ақсай" бөгетінің, 2025 жылы "Қорғас" бөгетінің құрылысын аяқтау жоспарланған.

ТЖМ-нің жедел бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысы 10%-дан 77%-ға дейін көтеріліп, үстемеақылар мен қосымша ақылар енгізілді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: