Республикалық маңызы бар екі жолда қозғалысқа шектеу қойылды

Республикалық маңызы бар екі жолда қозғалысқа шектеу қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2024 12:51 Сурет: Zakon.kz
2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жамбыл облысында - 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. дейін (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы) - 79 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (жел, боран, шектеулі көрініс)

Жетісу облысында -1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. аралығы – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (боран, шектеулі көрініс)


"Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда күтіп-ұстауға 312 бірлік техника және 480 адам жұмылды", - делінген "Қазавтожол" хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: