Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді
Сурет: wikimedia
Қазақстандық сейсмологтар 10 ақпан күні сағат 06:41-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде Қытай аумағында кезекті дүмпулерді тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz
"СОМЭ" ЖШС мамандарының айтуынша:
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.6.
- MPV магнитудасы: 4.2.
- Тереңдігі: 5 км
- Қазақстан аумағында сезіну (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.
Бұған дейін сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде таңғы сағат 05:01-де дәл осындай дүмпулерді тіркеген еді. Оның магнитудасы - 4,5. Жер сілкінісінің энергетикалық класы бірдей: 9,6. Қазақстан Республикасының аумағында байқалмады.
Алматы тұрғындарын шошытқан күшті жер сілкінісі биыл 23 қаңтарда болды. Жерасты дүмпулері бес балға жетті.
Бір күн бұрын Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жаңа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов министрлік Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript