Жаңалықтар тізбегі
0

Семейдегі сауда үйіндегі өрт: зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекет көмектеспек

Семейдегі сауда үйіндегі өрт: зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекет көмектеспек, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2024 17:00 Сурет: Абай облысы әкімдігі
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев "Ақшың" сауда үйіндегі өртте зардап шеккен кәсіпкерлердің бастамашыл топ өкілдерімен кездесті. Жиында қажет құжаттарды жинау, субсидия, жалға алу және әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.

Зардап шеккендерге облыс әкімдігі қажет мемлекеттік қолдау көрсетпек. Мәселен, 35 жасқа дейінгі кәсіпкерлер үшін 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қарастырылған. Екінші деңгейлі банктерге өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесін төлеуді 3 айдан 6 айға дейін кейінге қалдыру туралы хаттар жолданды, өз өнімдерін өткізу үшін кәсіпкерлерге жакс сауда орындары ұсынылды. Жергілікті университеттер өрттен зардап шеккендердің отбасыларына 6 айға дейін оқу ақысына жеңілдіктер жасайды.

Сонымен қатар жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін штаб ашылды. Штаб Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада орналасқан. Сауда үйіндегі өрттен кейінгі жағдай Абай облысы әкімінің жіті жеке бақылауында.

"Бүгінде полиция бөліміне 296 өтініш түсті. Мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл процеске барлық құзырлы орган жұмылдырылған", - деді Нұрлан Ұранхаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: