Алматыда монша кешені өртеніп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Villar монша кешенінде болған өртті сөндіруге өрт сөндірушілер шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 18:00-де Медеу ауданы, Оспанов көшесі, 85/77 ғимараты өреніп жатыр деген хабарлама келген.
"Қарбалас уақытқа және өрт сөндіру техникасының жүру жолындағы кептеліс кедергі болғанына қарамастан, дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер екі ағаш үйдің жанып жатқанын анықтады. Өрт көрші ағаштарға таралу қаупі туды. Жедел штабтың жұмысы дереу іске қосылды, өрт сөндіру оқпаны енгізілді, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript