Жаңалықтар тізбегі
0

Ыстық буға тұншыққандар: Семейде цехта апат болып, бес жұмысшы биіктен секіріп кеткен

Ыстық су, Семей, апат, құбыр, цех, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 21:53 Сурет: Syr.de
Семейде құрылыс материалдарын шығаратын зауытта ыстық су құбыры жарылып, бес жұмысшы екінші қабаттан секіріп кеткен. Аяқ-қолдары сынған олардың төртеуін қазір дәрігерлер ота жасауға дайындап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дәрі-дәрмекті өз ақшамызға сатып алып жатырмыз" деген жәбірленушілердің жақындары зауыт басшылығының бейқам отыруына наразы. Өйткені өндірістік жарақат алғандарға серіктестік директоры көмек көрсетпеген көрінеді. Бес жұмысшы душқа жуынып жатқанда ыстық судың құбыры жарылған екен. Ыстық буға тұншыққандар есікке жете алмай екінші қабаттағы бөлменің терезесін сындырып секіріп кеткен. Сол сәтте бәрі темір-терсек пен шынының үстіне түскен", деп хабарлайды КТК.

"Жерге түстік. Цемент, қоқыстың үстіне. Бірінші қабатта жөндеу жасаған. Түгелі шашылып жатты. Шыны да, темір де. Қазір бір аяғым екі жерден сынған. Сіңірлерім үзілген. Бесінші қабырға сынған. Ота жасауға дайындап жатыр". Зардап шегуші Дулат Күйіков

Ауруханаға жеткізілген бес жұмысшының төртеуі оңбай жараланған. Олардың денесінде сынған жері көп. Тіпті ақ халаттылар бір науқасты жансақтау бөліміне жатқызған.

"Түрлі жарақатпен түсті.Бас жарақаты. Сынықтар. Омыртқасы, өкшесі де, қолы, асықты жілігі сынған. Денесі жарақат алған. Әйнектер тіліп кеткен. Науқастардың құлан-таза айығып кетуіне біраз уақыт керек".Дәмір Сыдықов, сынық-жарақат бөлімінің дәрігері

Ал олардың жақындары зауыт басшылығы тарапынан өндірістік жарақат алған жұмысшыларға ешқандай көмек көрсетілмегенін айтады. Тіпті халін де сұрап келген мекеменің бір өкілін көрмедік деп отыр.

"Директор бізге ешқандай өтемақы төленбейтінін айтты. Тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Олар қызметкерлерінің ауруханада жатқан күніне ғана ақша төлемек. Қазір жұмысқа жарамайды. Қалпына келу үшін 3,5 ай керек. Ал дәрі-дәрмекті қалтамыздан сатып алып жатырмыз. Үш балам бар. Басшылық жарақат алған қызметкерлерін қолдауға тиіс қой". Зардап шегушінің әйелі Сандуғаш Баймағанбетова

Мекеме басшылығы камера алдында сұқбат беруден бас тартты. Бірақ жараланған жұмысшыларына заң аясында қолдау болатынын жеткізді. Олар жазылып жұмысқа шыққанша, еңбекке жарамсыздығына байланысты ақы төлеп отырмақ ниетте. Ал бұл оқиғаға қатысты облыстық еңбек инспекциясы арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталғанын жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: