Алматыда лай көшкіні жүрген аумақтағы дәмхананы уақытша жаба тұру ұсынылды
"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметінше, оқыс оқиға жауын-шашынның көп түсуіне, қардың еруіне, сондай-ақ жекеменшік мектептің жоғарғы бөлігінен қызыл су мен жаңбыр суының ағып келуіне байланысты топырақ қатты ылғалдануы салдарынан орын алған.
Сурет: "Қазселденқорғау"
Лай көшкіні тау баурайының бұрын, яғни 2022 жылдың 28 наурызында құлаған жердің сол жақ тұсынан жүрген.
"Бұрын бұл жерде құрғақ сай-сала болған, ол мектеп құрылысын жоспарлау жұмыстарын жүргізу кезінде топырақпен толтырылған. Жер қыртысы сары топырақ - саздыға жатады. Үйінді беткейі геоторлармен нығайтылған, бірақ таудың беткейінде айтарлықтай бекініс болған жоқ".
Сурет: "Қазселденқорғау"
Мамандар таудың беткейі опырылу қаупі бар аймаққа жататынын, тағы да лай көшкіні жүру қаупі барын нақтылайды. Тау беткейінде лай көшкіні жүріп, топырақтың опырылу қаупі бар аймақта төрт қабатты кафе ғимараты мен салынып жатқан құрылыс сындары қалып қоймақ. Дәмхана әкімшілігіне лай көшкіні жағдайы тұрақтанғанға дейін нысанды жабу ұсынылды.